• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:40:53
Алматы
+35°

Ақтөбе облысында 63 жастағы зейнеткер мен үйіне жақында ғана келін әкелген ұлы өзіне қол жұмсады. Шұбарши ауылында болған оқиға ауылдастарын шошытты. Той алдындағы бұндай трагедия туралы туралы  Мой город ақпарат агенттігі мәлімдеді. 

Қайғылы оқиға 12 қыркүйек күні кешке болған. 1957 жылы туған зейнеткер өз-өзіне қол жұмсаған. Бұған дейін бұл әулетте жанжал болған деген ақпарат бар. Анасының асылып тұрғанын көрген 28 жастағы ұлы ас үйге барып, өзін-өзі пышақтап, сол жерде қайтыс болды.

Әкімдіктегілер бұл отбасы берекелі болғанын, полицияда тіркеуде жоқтығын хабарлады. Қайтыс болған жігіт бұрын ажырасқан, мұнай компаниясында жұмыс істеген. Жақында келін түсірген отбасында 19 қыркүйек күні той жасау жоспарланған. 

Марқұм зейнеткердің 64 жастағы күйеуі және ұлынан басқа үлкен қызы бар, ол Ақтөбеде тұрады. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтөбе қайғылы оқиға

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір