• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:06:53
Алматы
+35°

Бүгін ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының 70-сессиясы басталды. Халықаралық жиынның төрағасы болып алғаш рет Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сайланды. Ведомство басшысы өз сөзінде, әлемдік денсаулық сақтау саласы үшін өте маңызды бұл шараға төрағалық ету, ол үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік екенін жеткізді. qamshy.kz

«Халықаралық қоғамдастық пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен, біз өзге елдермен ынтымақтаса отырып COVID-19 қарсы күресті жалғастырамыз. Қазір Қазақстандағы жағдай тұрақталды, ал коронавирус инфекциясы қайта өршитін болса, арнайы жоспар әзірледік. Мәселен, пациенттер төсек-орын, дәрі-дәрмек және басқа да ресурспен қамтамасыз етіледі. Отандық дәрігерлер халыққа көмек көрсетуге дайын», - деді А.Цой. qamshy.kz

Еуропа аймағындағы ДДСҰ-ға мүше 53 мемлекеттің денсаулық сақтау министрлері мен өзге де жоғары лауазымды азаматтар аймақтағы және әлемдегі COVID-19 қарсы іс-қимыл мен тәжірибені, 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтауды жақсартуға бағытталған жаңа Еуропалық бағдарламаны талқылайды. qamshy.kz

Сессияның алғашқы күнгі бағдарламасы бойынша Данияның Ұлы мәртебелі кронханшайымы, ДДСҰ бас директоры доктор Тедрос Адханом Гебрейесус,
ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюге сөз сөйлейді деп жоспарланған.

ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының сессиясын мына сілтеме арқылы көруге болады:
https://www.euro.who.int/ru/about-us/governance/regional-committee-for-europe/70th-session/news/news/2020/09/health-priorities-for-the-european-region-and-covid-19-in-focus-at-who-annual-meeting

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір