• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:32:42
Алматы
+35°

Ақмола облысының полиция бөлімі, сонымен қатар тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздігі департаменті Бурабайдың IQanat орта мектебіндегі санитарлық нормалардың бұзылуына қатысты тексеріс бастады. Бұл туралы kaztag.kz хабарлады.

Кеше Николай Энелане атты фейсбук қолданушысы Бурабайдағы жаңа мектептің ашылу салтанатында санитарлық талаптардың сақталмағанын айтып, фото жариялады. Мектептің ашылуына білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те қатысқан. Жарияланған суреттен министрді маска тақпаған адамдардың қоршап тұрғанын көруге болады.

Николай Энелане 100-ге жуық адамның бетпердесіз жүргенін жеткізген.

"Рахимбаев Айдын Жұмәділұлы, сіз жеке өзіңіз қалай ойлайсыз, масканы дұрыс кимегеніңіз және тақпағаныңыз үшін қанша төлеу керек – 83 340? Алғашқы фотосуреттегі 100-ден астам адам қанша төлеуі керек. Бурабайдың IQanat орта мектебіне заңды тұлға ретінде төлейтін айыппұл мөлшері қанша? 

Суреттердің бірінде әлі кетпеген білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлын маскасыз 10 (!) ересек адам қоршап тұр. Естеріңізге сала кетейін, бұл мектептерді ашуға болмайды, өйткені балалар қауіпті топтардан ересектерге жұқтырады деген. Асхат Аймағамбетов, бұл қалай, қос стандарттық қайдан шықты? Жаңа мектепте қандай санитарлық-эпидемиологиялық режим сақталады?" делінген желі қолданушысының жазбасында.

Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың сөзінше, бұл іс-шара аталмыш департамент пен Бурабай аумақтық әкімшілігінің алдын ала келісімінсіз өткізілген.

Е.Байтанаве тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының және Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері шешімдерінің талаптарын бұзған заңды және жеке тұлғаларға әкімшілік кодекстің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылатынын атап өтті. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір