• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:19:56
Алматы
+35°

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 20 қыркүйектен кейін қатаң карантин шаралары енгізіледі деген ақпаратқа байланысты пікір білдірді.

Елдегі эпидемиологиялық жағдай маусым-шілде айларындағы ахуалға қарағанда тұрақты екенін айтқан ол ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды.

 

Бас санитар дәрігер "қыркүйекте карантин енгізеді" деген ақпаратты жоққа шығарып, бүкіл ел бойынша және әр өңірдегі, елдімекендегі ахуалға күнделікті мониторинг жүргізіліп отырғанын мәлім етті.

 

– Қабылданатын шаралардың барлығы да эпидемиологиялық ахуалға байланысты, –  деп сөзін түйіндеді Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтан қаласындағы №6 қалалық емханаға келген сәтінде.

Аталған емханаға Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да келіп, маусымдық тұмауға қарсы вакцина салдырған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір