• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:08:21
Алматы
+35°

Журналист Тоқтар Жақаш Facebook парақшасында шетелге заңсыз қару сатып ұсталды делінген адамның видеосын жариялап, жазба қалдырды.

"Сұмдық! Сұмдық! Сұмдық!
 
Бекболат Тілеухан Сирияға қару сатып жүр ме? Мына видеода қару саудасына шатылған жігіт құзырлы орындардың қолына түсіп, біраз құпияның бетін ашты!
 
Ресей әскери бөлімшесінен сатып алған қару-жарақ мүмкін, Сирияға кетіп жатқан шығар? Депутатымыз осындай болса, болашағымыз тіпті қорқынышты екен! Егер, менің отбасыма, бала-шағама, туған-туыстарыма қастандық жасалса, оған тек осы видео ғана себеп болуы мүмкін!
 
Бұл іс Президенттің назарына алынуы тиіс. Ұлттық қауіпсіздік қызметі, Қорғаныс министрлігі, шекара қызметі, Парламент спикері және басқа да құзырлы орындардың осы мәселе бойынша жауап беруін талап етемін!" журналист жазбасында. 
 
Журналист жариялаған видеодан әлдекімдердің көлікте белгісіз ер азаматқа сұрақ қойып отырғанын көруге болады. Жауап беруші өзінің әскери техникаларды сататынын айтқан.
 
"Қарашада ұлттық қауіпсіздік комитетінде істейтін Ерқанат Құсаинов деген адаммен бірген бір іс бастадық. Ол Астанада департаментте істейді. Бәріміз ақша салып, әскери техника жабдықтарын алып шықтың елден алып шығып, саттық" деп басталатын әңгіме арасында мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның да аты аталды.
 
 
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір