09 Қыркүйек, 2020 NEWS

ШҚО-да оқушыларды компьютерлермен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда

Фото: ШҚО ақпарат орталығы

ШҚО-да 22 476 баланың үйінде компьютерлік техника тапшы. Оның ішінде қашықтықтан білім алып жатқан 16 904 оқушы мектеп компьютерлерімен қамтамасыз етілді. Қалған 5 712 бала штаттық режимде білім алуда. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен тікелей эфир барысында білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жумадилова мәлім етті.
Тікелей эфир барысында басқарма басшысы аудандық және қалалық білім бөлімдерінің қаржыландыруы арқылы 2 572 бірлік компьютерлік техника сатып алынғанын атап өтті. Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің қорынан бөлінген қаражат есебінен 26 509 компьютер алынды. Оған 4,1 млрд. теңге бөлінді.
-​Мемлекеттік сатып алуды әділ ұйымдастыру  және компьютерлік техникаларды бөлу мақсатында «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесі төрағасының жетекшілігімен, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, облыстық маслихаттың хатшысы, қоғам өкілдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларының, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі жергілікті қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ қамқоршылық кеңесінің, ата-аналар қоғамдастығының, жастар ұйымдарының жетекшілерінен жұмыс тобы құрылып, жеткізуші анықталды. Қазіргі таңда компьютерлік техникаларды жеткізу  жұмыстары басталып кетті. Осы бағыттағы жұмыс 15 қыркүйекке дейін аяқталатын болады, - деді Сайрангүл Жумадилова.
Сонымен қатар, жұмыс тобы компьютерлік техниканы бөлу мониторингін жүзеге асырады. Бірінші кезекте халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын: аз қамтылған, көп балалы, ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды, сондай-ақ оқу озаттарын қамтамасыз етіледі.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір