• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:59:23
Алматы
+35°
Шығыс Қазақстан Президенттің тапсырмасын орындап, жаңа оқу жылын бастаған еліміздегі бірінші өңір атанды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыстағы 200 ауыл мектебінде оқушылардың  білім алуы үшін жағдай жақсартылды.
Мәселен, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылындағы мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарының нәтижесін ШҚО әкімі Даниал Ахметов тексеріп қайтты.
Айта кетейік, жаңа оқу жылындағы эпидемияның қиындықтарына қарамастан Ақжар ауылындағы мектеп штаттық режимде жұмыс істеуге көшті. Онда бастауыш сынып оқушылары білім алуда. Барлық санитарлық талаптар қатаң сақталған.
«Аталған оқу орнын жөндеу жұмыстарына 260 миллион теңге бөлінді. Нәтижесінде, барлық сынып қайта қалпына келтіріліп, терезелер мен коммуникациялық желілер ауыстырылды. Алғаш рет бұл мектепте жылы тораптар пайда болды», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Сондай-ақ, аймақ басшысы құрылысшылардан мектептің қаншалықты жылы болатындығын сұрады. Жұмысшылар болса, бұл білім ошағын балаларға жылы әрі жайлы болатынын айтты.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір