• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:46:14
Алматы
+35°

Рейтерс агенттігі Қытай мен Үндістан әскерлері шекарада атысқанын хабарлады. Агенттік ақпаратында екі ел бір-бірін даулы шекарада "оқ атты" деп айыптап жатқаны айтылады. Бейжің Нью-Делиді "әскери арандатушылық жасады" деп айыптаса, Үндістан өз сарбаздарының даулы шекарадан өткенін жоққа шығарды.

Ядролық қаруларға ие, екі азиялық қарсылас арасындағы әскери шиеленіс тіпті де күшейді. Даулы Гималай шекарасына екі ел бір-бірін "оқ атты" деп айыптады.

15 маусымда Ладах аймағындағы 20 үнді әскері қаза тапқан қақтығыстан кейін  екі ел арасындағы қарым-қатынас нашарлай түсті.

Бейжіңнің қорғаныс министрлігі Үндістанды "әскери арандатушылық жасады" деп айыптап, "үнді сарбаздары шекаралас аймақтағы нақты бақылау сызығын кесіп өтіп, Қытайдың шекара қорғаныс патрульдік полициясының офицерлеріне қауіп төндіріп оқ жаудырды" деп мәлімдеді.

Нью-Дели тез арада өз есебін беріп, "келісімдерді өрескел бұзды" және үнділік қарсыластарын қорқыту үшін "бірнеше рет аспанға оқ атты" деп қытайлық шекара күштерін айыптады.

– Қытай армиясы келісімдерді өрескел бұзды және агрессивті маневрлер жасады. Ауыр арандатушылыққа қарамастан (біздің) әскерлеріміз ұстамдылық танытып, өздерін жетілген әрі жауапты (жасақ ретінде) ұстады, – делінген Үндістан армиясының хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай Үндістан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір