Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2000 жылы 3 сәуірде қол қойған мәдениет саласында мемлекеттік стипендия тағайындау туралы Жарлығына өзгеріс енгізді. Бұл туралы Ақорданың сайты  хабарлады. Жарлық мәтінінің толық нұсқасы төменде ұсынылып отыр.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы"

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын.».

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір