• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:40:15
Алматы
+35°

Қазақ қайырымдылық жасап, қайырын көрген халық. Дана бабаларымыздың ілкімді істерін жалғап жүрген «Қарекет» қайырымдылық қорының демеушілері көптеген отбасына қуаныш сыйлап жүргенін бәріміз жақсы білеміз. Жомарт жандар осы жолы  қала тұрғыны, жеті баланың анасы Раушан Момбековаға баспана кілтін тарту етті.

Алматы облысы орталығындағы «Жастар» саябағында еңбек ететін батыр анаға шаңырақ кілтін «Қарекет» қайырымдылық қорының облыстағы мүшелері және айтыскер ақын, «Алатау» газетінің бас редакторы Айтақын Бұлғақов табыстады. «Қарекет» қоры еліміздің барлық қалалары мен аймақтарында қайырымдылық ісімен белсенді айналысып келеді. Батыр анаға берілген баспана республика бойынша 275-ші болса, облыс бойынша 18-інші үй. Жылдар бойы армандаған баспанасына қол жеткізген көпбалалы ана қуаныштан көзіне жас алып, барша қайырымды жанға алғыс айтты.

 – «Жыртық үйдің Құдайы бар». Жолдасым өмірден өткен соң барлық жауапкершілік өз мойныма артылды. Тағдыр оңай емес қой. Бұл балаларымның несібесі. Екі қызым тұрмыста. Кенжем 4 жаста. Осындай қуаныш менің отбасымда болып жатқанына әлі де сене алар емеспін. Мен үшін тосынсый болды. Ең бастысы үміт үзбеу керек. Қайырымдылық қорына, халқыма мың алғысымды білдіремін. Қуанышымда шек жоқ, – дейді Раушан Момбекова.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: батыр ана

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір