• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:08:39
Алматы
+35°

Президент Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында балаларды қорғау мен олардың қауіпсіздігі жөнінде айтты.

– Балаларды қорғау мен олардың қауіпсіздігіне аса назар аудару керек. Біз кәмелетке толмаған балаларға қатысты қылмыстық жауапкершілікті қатаңдаттық. Бірақ бұл мәселе өте өзекті. Мұндай қылмыскерлер аяусыз жазалануы тиіс. Олар кешірім жасау құқығы мен мерзімінен бұрын босату құқығына лайық емес. Олар қауіпсіз мекемелерде қамалу керек, – деді Тоқаев.

Сондай-ақ президент құқық қорғау органдары әрекетке бейқам қараса, қатаң жазаланатынын ескертті. 

– Әрбір іс прокуратура органдарының ерекше бақылауында болуы тиіс. Әлеуметтік құқық қорғау органдары бей-жай қарап, әрекет етпесе, қатаң жазаланатын болады, – деді ол.

 

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір