• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:17:24
Алматы
+35°

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин митингіге шығатын белсенділерге ескерту жасады. Бұл туралы ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты.

– Соңғы кезде әлеуметтік желелірде митингтер мен көпшілік шараларға үндейтін ақпараттар таралып жүр. Бас мемлекеттік санитардың 14 тамыздағы №47 қаулысы бойынша көп адам шоғырланатын шараларға әлі тыйым салынған, – деп атап өтті Бекшин.

Ол өз сөзінде митингті ұйымдастырушылар заң алдында жауап беретінін баса айтты.

– Халықтың көп жиналуына үндеуді қою қажет. Онымен адамдарға қауіп төндіресіздер. Қатаң карантиндік шаралардың арқасында қаладағы эпидемиологиялық жағдай жақсарды. Алайда нормалар сақталмаса, жағдай тағы қиындап кетуі әбден мүмкін, – деді бас мемлекеттік санитар дәрігері.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір