• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:38:11
Алматы
+35°

Австралиялық "COVID-19 зерттеу бастамасы" вирустан қорғайтын антиденелерді жасауда. Зерттеушілер қарттар мен иммунитеті бұзылған басқа топтар үшін антиденелер "вакцинаның негізгі баламасы" болады деп үміттенеді.

Мельбурнның Уолтер және Элиза Холл Институты бастаған жоба зертханалық жағдайда коронавирустың адам жасушаларына жұғуының алдын алатын антиденелерді сәтті қолданған.

Бұған Австралия премьер-министрі Дэниэл Эндрюс назар аударып, үкімет қаржыландырған коронавирустық күрес бастамаларының бірі болған.

Институт доценті Вай-Хонг Там рак пен көптеген иммундық бұзылыстарды емдеу үшін антиденеге негізделген терапия қолданылғанын мәлімдеген.

–Бұл антиденеге негізделген таңғажайып COVID-19 емі және алдын-алу құралы болады деп ойлаймыз,–дейді Вай-Хонг Там.

Мельбурндегі зерттеушілер мутациялардың әсеріне төтеп беру үшін антиденелердің екі түрін дамытып жатыр.

Егер технология адамдарда нәтиже беретін болса және қолдануға рұқсат етілсе, профессор Там оның әлсіз топтарды, соның ішінде вакцинаға иммундық әлсіз қарттарды қорғау үшін қолданылатындығын айтты.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Австралия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір