• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:46:41
Алматы
+35°
Бұл көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан республика көлемінде 2-орынды иеленіп тұр. Қазақстан бойынша барлығы 260 мыңнан астам өтініш берілген.
28 797 шығысқазақстандық бизнес субъектісі InfoKazakhstan сайты арқылы жұмысын қайта жандандыруға өтініш білдірді. ШҚО-дан келіп түскен өтініштің 80% (23 575) астамы мақұлданды. Тіркеу уақыты белгісіз уақытқа дейін ұзартылды.
 
"Шығысқазақстандық кәсіпкерлер порталда белсенді түрде тіркеліп, жұмыстарын жандандыруда. Бізге портал бойынша сұрақтар туындаған жағдайда кәсіпкерлік субъектілері үнемі хабарласады. Бүгінгі күні ғана 387 қоңырау келіп түсті. Естеріңізге сала кетейін, портал туралы барлық ақпаратты фейсбук әлеуметтік желісіндегі "Бизнес в Усть-Каменогорске и Восточно-Казахстанской области" тобынан таба аласыздар. Сонымен қатар 1432 нөміріне қоңырау шалып немесе @infokazakhstan телеграм-боты арқылы сұрақтарыңызды қоюға болады, - деді ШҚО кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Бақытжан Майжеринов.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір