• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:31:24
+35°

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Өрнек ауылында тапа тал түсте жас келіншекті өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген күдікті анықталды. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады.

Қайғылы оқиға 20 тамыз күні болған. Келіншек бірнеше сағат бойы үйге оралмаған соң жақындары құқық қорғаушыларға хабар беріп, өздері де іздеуге кірісіп кеткен. Бірақ тәулік өткен соң 21 жастағы келіншектің денесі ауыл шетінен табылған.

Жас келіншек әке-шешесінің үйінен шығып, күйеуінің жеке қожалығына кетіп бара жатқан жолда қайтыс болған. Күдікті келіншекті тұншықтырып, суға батырып кеткен. Кейіннен оқиға орнына қайтып келіп мәйітті өртеп жібергені белгілі болды.

– Кісі өлтірді деген күдікпен аталған ауылдың 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұрын кісі тонағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған және қазір еш жерде жұмыс істемейтіні анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деді облыстың полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

– Осыған дейін артық қылығын байқамадым. Ауылдастармен жақсы араласатын. Нұр-Сұлтанға барып жұмыс істеп келді. Мынадай іске баратынын білмедім. Жағдайда естігенде сенбей қалдым, – деп айтты ауыл тұрғыны Илхам Жилелов.

Аталған дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша (адам өлтіру) іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір