• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:02:45
Алматы
+35°

21 Тамыз, 2020 Ақтөбе облысы

Ақтөбеліктер «Nur Otan» праймеризіне белсенді қатысып жатыр

Ақтөбе облысында екі күн ішінде партияішілік сайлауға қатысуға 167 адам ниет білдірген. Олардың арасында ерекше қажеттілігі бар азаматтар мен қандастарымыз да бар. Сондай-ақ нәзікжандылар мен жастардың да талабы жоғары. Бұл мәліметтерді бүгін партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов брифингте жариялады.

qamshy.kz

Құжат қабылдаудың алғашқы күндері Ақтөбе қаласы мен Алға, Мұғалжар, Қарғалы аудандарының тұрғындары белсенділік танытқан. ⠀Тіркелгендердің 78-і әйел, 89-ы ер азаматтар.  53 үміткердің жасы 35-ке жетпеген. 48 партиялық бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылса,  119 адам өз еркімен қатысып отыр.

-⠀Праймериз - партияішілік сайлау.  Оның мақсаты – Парламент мәжілісіндегі және мәслихаттағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, оларды мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде мықты көшбасшыларды анықтау, - деді Ербол Данағұлов праймериздің мақсаты мен міндетін түсіндіргенде.

Оның айтуынша, осы саяси науқанды өткізу бойынша Ақтөбе облысы филиалының қадамдық жоспары әзірленген. Ол 5 негізгі кезеңнен тұратын іс-шараларды қамтиды. qamshy.kz

Осы қадамдық жоспар бойынша облыста 25 жерде жария дебат ұйымдастырылады. Ол 3 деңгейде: үгіт-насихат  барысында, партияның аудандық, қалалық және облыстық филиалдарының конференциясында өтеді. Барлық кандидаттар түгелімен дебаттарға қатысуы қажет.

1-3 қазан аралығында облыстағы 33 мыңнан астам партия мүшесінің дауыс беруі үшін 136 дауыс беру учаскелері белгіленіпті. Оның интернет байланысына қосылмаған 42 участокта  дәстүрлі бюллетеньмен,  94 участокта онлайн  дауыс  беру  жоспарланып  отыр. qamshy.kz

-Праймериз - еліміздің дамуына мүдделі жігерлі, білімді, белсенді азаматтар үшін жаңа «әлеуметтік саты» іспетті. Ендеше, өз күшіне сенімді, елімізді, облысымызды дамытқысы келетін ақтөбеліктерді праймеризге белсенді қатысуға шақырамын, - деді Ербол Данағұлов.

Айта кету керек, кандидаттарды тіркеу кезеңі 28 тамызға дейін жалғасады. Ақтөбе қаласы тұрғындары Тургенев көшесі, 86 мекен-жайы бойынша немесе 54-11-56 телефоны арқылы партия филиалына (ұйымдастыру комитетіне) хабарласа алады. qamshy.kzqamshy.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір