• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:43:32
Алматы
+35°

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте корнавируст инфекцясынан 20 адам, пневмониядан 6 адам қайтыс болғанын мәлімдеді.

Бір тәулікте коронавирус жұқтырған 256 адам және пневмонияға шалдыққан 723 адам анықталды.

Барлығы 13 мамырдан бері Қазақстанда 104 071 адам коронавирус жұқтырды, 1 481 адам дерттен қайтыс болды.

1 тамыздан бері пневмониямен сырқаттанған 21 264 адам тіркелді, 243 науқас көз жұмды.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 670 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 62 бала бар. Ауруханаларда 6 339 науқас жатыр. 8 331 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы науқастардың арасында 355 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 78 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 49 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылды" делінген министрлік таратқан ресми хабарламада.

Өткен тәулікте 1470 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан, дерттен жазылғандардың жалпы саны 87 920 адам болды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір