• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:57:29
Алматы
+35°

Алматы облысы Жамбыл ауданында кесенедегі садақа жәшігін бұзған күдікті әйел ұсталды. Ақпаратты ауданндық полиция бөлімінің бастығы Асхан Тегенбаев растады. 

Полиция бөлімі бастығының мәліметінше, қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 39 жастағы әйел адам полиция бөлімшесіне жеткізілген. Оның жақын маңдағы ауыл тұрғыны екені анықталған. Күдіктіден қолды болған қаражат тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, тергеу барысында күдікті бұған дейін кесенеге келіп, қаржы салынған жәшіктің еш бақылаусыз тұрғанына көз жеткізгені белгілі болды. Алғашқыда тексеріп жүрген де, келесі жолы дайындықпен келген әйел жәшіктің құлпын бұзып, ішіндегі қаражатты алып кеткен.

Күдікті әйел мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. Оның бұдан өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексерілетін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір