• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:40:39
Алматы
+35°

Фото: Мыңжылқы Бердіқожаевтың жеке мұрағатынан алынды

Нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев азаматтарды арақашықтық сақтап, маска тағып, қорғаныс шараларын қатаң қадағалауға шақырды. Өйткені карантин шараларының жеңілдетілуі мамыр айындағыдай коронавирустың таралуына себеп болуы мүмкін.

– Бүгінде бірінші толқыннан өттік десек те болады. Қайтыс болып жатқандар, инфекциялық стационарлардағы науқастар саны азайып келе жатыр. Мұның бәрі алты апталық карантиннің нәтижесі. Қазір карантин талаптары жеңілдетілгеннен кейін мамыр айындағыдай жағдай қайталануы мүмкін. Коронавируспен ауырғандардың саны азайғанымен, індет толық жойылды деп айта алмаймыз. Сондықтан карантиндегідей сақтық шараларын сақтау өте маңызды. Тұрғындардың көбі қарапайым талаптарды орындамай жатады. Кезекте тұрғанда арақашықтық сақтамайды, маска тақпайды. Сондықтан келесі толқынның болатыны анық, – дейді дәрігер.

Нейрохирург коронавирусқа қарсы Ресей вакцинасын толық тексерістен өтпейінше, сатып алуға қарсы екенін жеткізді.

– Ресей вакцинасы әлі толық тексерістен өтпеген. Тексерілмеген вакцинаны азаматтарға салуға түбегейлі қарсымын. Оны тек келесі жылға салуға болады. Жалпы қазіргі жағдайда вакцинациядан бұрын арақашықтықты сақтап, қажетті ем шараларын жасайтын профилактиканы мықтап қолға алғанымыз дұрыс, – деп атап өтті ол.

Дәрігер соңғы кезде тіркеліп жатқан кавасаки синдромына қатысты пікір білдірді. Қазақстанда соңғы күндері 11 баладан кавасаки синдромына ұқсас ауру белгілері анықталған. Синдромды көбіне бұрын коронавируспен ауырғандар жұқтырады.

– Кавасаки – терілік көрініспен өтетін ауру. Кавасакиге ұқсас синдромдар кездесіп жатқанын педиатрлардан естіп жатырмын. Бұл ауру – өте сирек кездесетін асқыныстардың бірі. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанда осы синдроммен ауыратын бүлдіршіндердің саны өте көп болып тұр. Олардың барлығы белсенді түрде ауырып жатыр. Соның ішінде бірен-сараңы кавасакиге ұқсас, аурудың өте ауыр түрімен, яғни теріде бөрікпенің пайда болуы және жүректе миокард инфарктісі танвизалардың түзілуімен жүретін синдроммен ауыруда. 

Миокард инфарктісі (МИ) –  жедел коронарлық қан айналысының жетіспеушілігінен туындайтын жүрек бұлшық етінің некрозы (өлі еттенуі).

Коронавирус кезінде кавасаки синдромы кішкентай балаларға аса қауіпті. Көбіне ауру иммунитеті әлсіреген балаларда кездесуі мүмкін. Көп жағдайда аурудың соңы науқастың өлімімен аяқталады. Бұл ауруға шалдықпас үшін адам коронавируспен ауырмауы керек, індеттің алдын алатын басқа жол жоқ. Сондықтан мәселе тағы да сақтық шараларының маңызына келіп тіреледі, – деп Мыңжылқы Бердіқожаев.

Нұрсұлу Темірханқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір