• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:05:48
Алматы
+35°

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдан бері аталмыш кәсіпорын банкротқа ұшыраған болатын. Ал 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап Семей тері-былғары комбинатының жұмысы қайта жанданды.

Комбинат республикадағы эскпортқа бағыттайтын тері өңдейтін бірегей нысандардың бірі. Аталған кәсіпорынның құрамында үш зауыт бар. Оның ішінде, былғары, қой терісін өңдейтін және тігін цехы жұмыс істейді. «Қарапайым заттар экономикасы» аясында аталмыш комбинат нарықты дайын тері-былғары өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндігі жетеді.

2019 жылдың 24 шілдесінде кәсіпорын банкрот болды. 2019 жылдың қараша айында Семей тері-былғары комбинатының жылжымайтын мүлігі «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның жекеменшік құқығына берілді.

Алайда кәсіпорын Қазақстандағы мал шаруашылығын дамыту  саласынд ірі қара мал терісі мен былғары өңдейтін жалғыз өндіруші ретінде маңызы рөл атқарады.

Кәсіпорынның былғары өндіру саласын дамытудағы маңызын ескерген ШҚО әкімдігі Индустрия дәне инфрақұрылымды дамыту министрлігімен және қормен бірлесіп, комбинат жұмысын жандандыру үшін инвестор іздеп, жаңа жұмыс орындарын құруды қолға алды.

2020 жылдың мамырында «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ меншік иесі «KustoGroup» халықаралық компаниясымен кейін сатып құқығы бойынша келісімшарт жасасты.

Осылайша, 2020 жылдың 27 шілдесінде кәсіпорын қайта іске қосылды. Бүгінгі күні кәсіпорындағы тиісті жұмыстар аяқталып, 3000 шаршы метрден астам дайын өнімнің алғашқы партиясы шығарылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір