"Қазақфильм" киностудиясындағы өрттен шамамен 50 млн теңгеге жуық шығын келген. Бұл туралы киностудияның инстаграмдағы парақшасында хабарланды.

Өрт шығу дерегі бойынша Алматы қалалық ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғаған.

Киностудия әкімшілік ішкі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Өрт ең алдымен орман қоймасының ашық аумағында басталған. Шамамен 20 минуттан кейін "Қазақ хандығы" тарихи фильмі үшін жасалған "Шайбан шахтың ішкі ауласынан" өрт шыққан. Бұл ағаш құрылым алғашқы ошақтан 300 метр қашықтықта орналасқан. От шыққан қоймада жанғыш материалдардың болмауы мен оған электр тоғының тартылмауы өрттің өздігінен шығу фактісін жоққа шығарады. Қазіргі уақытта өрттің алдын ала шығыны 48 981 130 теңгені құрайды. Есептеулер жалғасуда" делінген әлеуметтік желідегі жазбады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақфильм өрт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір