15 Тамыз, 2020 Алматы облысы
Фото: Көрнекі сурет
Әлемді жайлаған індет өңірде өршімеу үшін әрбір азаматы қолдан келгенше көмегін аямауда. Ізгіліктің жарқын көрінісін көрсетіп жүрген жандардың бұл ісі ерлікпен пара-пар.
Індет басталғалы тұрғындар ауырмасын деп Панфилов ауданының еріктілері 500-ден астам маска таратқан. Сонымен қатар, ауданның 407 отбасына көмек қолын созып, азық-түлікпен қамтамасыз еткен және үй ішіндегі жұмыстарына жәрдемдескен. Ал Райымбек ауданының еріктілері 500 дей отбасыға көмек көрсеткен. «Ардагерлерді ардақтайық» атты акция бойынша 70 шара өткізген. 10 000 маска таратқан.
Балқаш ауданының еріктілер тобы «Мейірімді Жетісу» атты акциясы аясында жалпы соммасы 7,5 миллион теңге болатын 700-ге жуық аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен жалғызбасты қарттарды азық-түлікпен қамтамасыз етті. 13000 дана бетперде халықтың пайдалауына тегін таратылды. Төтенше жағдайға байланысты еріктілер өз қолдарымен бетперде тігіп, көпке үлгі болар игі істер атқарды. Сонымен қатар, сыртқа шығып азық-түлік пен дәрі-дәрмек ала аламаған жағдайда тапсырыс беріп, көмек көрсететін «Балқаш ауданының жастар ресурстық орталығы» жанынан еріктілер фронт-кеңсесі өз қызметін жүйелі түрде көрсетуде.
Еріктілер мұнымен тоқтап қалмайды. Олар алдағы уақытта азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді жеткізу, медициналық көмек көрсету, маска тігу сияқты жұмыстарды тұрақты жүргізеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір