• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:40:46
Алматы
+35°
Бесқарағайдағы аграрлық сектордың дамуы туралы онлайн-брифингте аудан әкімі Шалқар Байбеков айтып берді.
Биыл 43,7 мың га жерге 18,7 мың га дәнді дақылдар, 20,1 мың га майлы дақылдар; 400 га картоп; 300 га көкөніс; 1,5 мың бақша егілді. 10 тамыздан бастап егін жинау басталды. Мал азығын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні жоспардағы 105 мың тоннаға қарағанда 40 мың тонна жиналды.
- "Алтын Мұнай" ЖШС арқылы күзгі далалық жұмыстарға 975 тонна арзан дизель отыны бөлінді. "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша "Қаржылық қолдау қоры" АҚ және "Агрокредит корпорациясы" АҚ арқылы 19 үміткер 114 млн. теңгеге ірі қара малын сатып алуға қатысып отыр. "Агротехника" бағдарламасы бойынша "Бесқарағай несие" КТ арқылы жалпы сомасы 90,7 млн.теңге болатын 4 жоба іске асырылуда. "Агробизнес" бағдарламасы бойынша 2 өтініш берушіге ауылшаруашылық техникасын сатып алуға 26,8 млн. теңге несие берілді. "Қарапайым заттарды үнемдеу" бағдарламасы аясында "Агрокредит корпорациясы" АҚ арқылы 7 үміткер 143,6 млн теңге сомасына қатысуда, - деді Бесқарағай ауданының әкімі.
Ауылшаруашылық несиелеудің барлық бағдарламаларының жалпы сомасы 375,1 млн.теңге құрайды.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір