• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қазан, 01:22:25
Алматы
+9°

Ресей алғашқы сұрау бойынша Белорусьтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жан-жақты көмек көрсетуге әзір. Бұл туралы ел президенті Александр Лукашенко мәлімдеді, деп жазады belta.by.

Лукашенко әскери салада одақтас ел ретінде және ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында Белорусьтің Ресей Федерациясымен келісім-шарты бар екенін, оған сәйкес бірінші сұрау бойынша Ресей Белорусьтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жан-жақты көмек көрсететінін айтқан.

Беларусь президенті кеше Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен. Әңгіме Белорусьтегі жағдай туралы болған әрі ұзаққа созылған.

Беларусьте бірнеше күннен бері жуырда алтыншы мерзімге сайланған президент Лукашенкоға қарсы митинг өтіп жатыр. Азаматтар 11 тамызда өткен президент сайлауының қорытындысымен келіспейді.

Наразылық акциялары барысында полиция азаматтарды ұстап жатыр. Ұсталып, босап шыққан азаматтар өздерін ұрып-соққанын хабарлаған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Белорусьтегі ахуал

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір