• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 03:55:46
Алматы
+35°

Үкімет үйіндегі кездесу

«Шұғыла» қоры «Өмір сыйла» акциясы бойынша жасаған жұмыстары жайлы қорытындылады. Бұл шара Нұр-Сұлтан қаласында үкімет үйінде өтті. Оған ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов және ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Владимирович Цой қатысты.

Басшылық атқарылған істерге жоғары баға беріп, қорға алғыс білдірді. Алға қойып отырған жоспарлар туралы сөз болды. Қордың құрылтайшысы Мейірхан Абдрахманов, қамқорлық кеңестің мүшесі Азат Тапишев және Сырымбек Тау, «Шұғыла» қорының президенті Сәрсенбек Иманбаев бастаған азаматтар өз кезегінде министрлік тізгінін ұстаған басшыларға дер кезінде берген көмегі үшін рахмет айтты.

Айта кетейік, «Өмір сыйла» акциясы басталғанда «Шұғыла» Қоры жинаған 450 миллион қаржыға Қытайдан Қазақстанға 4000 оттегі концентраторын жеткізу мәселесі туындаған болатын. Сол кезде министрлік төрт ұшақ рейсін ұйымдастырып, кедендік салықтардан босатып, түрлі тексерулерді азайтып, істі жеңілдетті. Сиань қаласынан тікелей Атырауға, сосын Шымкент қаласына ұшақтың қонып, жүк түсіруіне жәрдемдесті. Нәтижесінде барлық құрылғылар Қазақстанның барлық нүктесіне әділетті түрде бөлініп, жеткізілді.

Бұл істі жалғыз адам жасай алмас еді. Бәрі бірігіп, жұмылып жұдырық болып, істі соңына дейін жеткізді. Студенттерден бастап, министрге дейін араласты. Халық пен биліктің арасы қашық дейміз. Бірақ осы жолы билік басындағы азаматтар үлгі көрсетіп, қуантты. Шаруаны тез ыңғайлайтын, ниеті түзу жандардың басшылықта отырғанына шүкір дейсің. Ералы мырзаның көмекшісі Нұрсұлтан, Цой мырзаның көмекшісі Батыр бауырларымыздың жауапкершілікпен жұмыс жасайтынына куә болдық.

Еліміз аурудан айығып, салауатты өмір салтын ұстанған халық болсын. Бір жанымыз қалды. Енді ары қарай мағыналы ғұмыр кешейік.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: «Шұғыла» қоры

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір