• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:53:41
Алматы
+35°

Алматы қаласындағы "Қазақфильм" киностудиясының аумағында өрт шықты. Куәгерлер өрттің видеосын әлеуметтік желіде жариялады.

"14 тамыз сағат 21:33-те Әл-Фараби даңғылы 176-үй мекен-жайы бойынша өрт шыққаны туралы шұғыл хабар келіп түсті. Алматы қалалық ТЖД қызметкерлері мен техникалары оқиға орынына жедел жеткен. Өртті сөндіруге 53 адам мен 16 техника жұмылдырылды" делінген қалалық ТЖ қызметі хабарламасында.

"Қазақфильм" киностудиясының аумағында өрт екі жерден шыққаны белгілі болды. Біріншісі – ағаштар жиналған қойма, екіншісі – екі қабатты ағаштан салынған үй. Өрттің таралу қаупі жоқ. 

Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта Алматы қаласы төтенше жағдайлар қызметінің күштері мен құралдары жұмыс істеуде.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

На территории Казахфильма два очага возгорания - под отдельно стоящим навесом происходит загорание складированных пиломатериалов, а также двухэтажное деревянное строение, угрозы распространения огня нет. Информации по пострадавшим не поступало. В ликвидации пожара задействованы: ДЧС 53 чел/16 ед.тех, Департамент полиции и службы взаимодействия.

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір