• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:05:50
Алматы
+35°

Ақтөбе облысында ауылдық округ әкімі мен әкім аппаратының бухгалтерлік есеп жөніндегі бас маманы тергеуге алынды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

"Ақтөбе облысы аудандарының бірінің ауылдық округ әкіміне және ауылдық округ әкімі аппаратының бухгалтерлік есеп жөніндегі бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Аталған тұлғалар өздерінің карточкалық шоттарына жалпы сомасы 2,1 млн теңге жалақы мен іссапар шығыстары бойынша төлемдерді негізсіз аударған" делінген агенттік хабарламасында.

Бұған дейін Алматы қалалық полиция департаментінің лауазымды тұлғасы пара алып жатқан жерінен ұсталған.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтөбе Әкім Пара

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір