• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 07:05:39
Алматы
+35°

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қалалық полиция департаментінің лауазымды тұлғасын пара алып жатқан жерінен ұстады.

"800 мың теңге сомасында кезекті ақшалай қаражат сомасын алу барысында Алматы қаласы полиция департаментінің Процессингтік орталығының басшысы мен қызметкері ұсталды" делінген агенттік таратқан хабарламада.

Олар 2017 жылдан бастап "жалған сот орындаушысымен" сөз байласып, жол қозғалысы ережелерін бұзушылардан қаражат алып, өздеріне иемденген.

"Автоматтандырылған деректер базасына бюджетке түскен ақша қаражаты туралы жалған мәліметтер енгізілді.

Тек алдын ала деректер бойынша, аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінен мемлекет бюджетіне 25 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 270 млн теңгеден астам қаржы түспеген. Аталған тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды" делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған тұлғалардың басқа қылмыстарға қатыстылығы туралы фактілері тексерілуде.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір