• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 11:30:12
Алматы
+35°

Алматыда ер адам зейнеткерге шабуыл жасаған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Порталдың хабарлауынша, оқиға 13 тамыз күні сағат 13:00 шамасында Алматының Алмалы ауданында болған. Тұрғын үй ғимаратының кіреберісінде 28 жастағы ер адам әйелге шабуыл жасап, сөмкесін алуға тырысқан.

– Мен банкоматтан ақша алып, үйге қайттым. Басында көрші екен деп ойладым, сөйтіп оны алдыға жіберуге тырыстым. Ол менің сөмкеме жармасып алды. Мен сөмкемді жібермедім. Ол пышақты алып, сөмкенің иық белбеуін кесіп, қолдарымды тіліп тастады. Мен біреу еститін шығар деп айқайлай бердім. Бірақ ешкім көмектеспеді. Ол жүгіре жөнеліп еді, артынан екі адам қуды, – деп зейнеткер шабуылдың мән-жайын айтты.

– Бөгенбай батыр мен Айтиев көшелерінің қиылысында бізді жолаушылар тоқтатып, жоғарғы көшеде тонауға қатысты төбелес болып жатқанын хабарлады. Біз дереу көрсетілген жерге жетіп, істің нақты мәліметтерін білдік. Осы қылмысты жасады деген күдікпен 1992 жылы туған И есімді азамат ұсталды. Одан пышақ тәркіленді. Әйелді тауып, оған "Жедел жәрдем" шақырылды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті патрульдік полиция полкінің инспекторы, "Буран-045" экипажының аға бастығы Самат Жұманов.

Зейнеткер өзіне шабуыл жасаған адамды таныды. Күдікті қылмысын мойындады.

– Маған ақша керек болды. Оны Төле би көшесінде көріп, соңынан ердім. Істегеніме өкінемін, – деді күдікті.

Алмалы ауданының полиция басқармасы хабарлағандай, аталған факті бойынша Қазақстанның қылмыстық кодексінің 192-бабы ("Қарақшылық") 2-бөлігінде көрсетілген қылмыс негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір