• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:48:09
Алматы
+35°

"Күрдтердің Барбанг қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің өкілдері Жамбыл облысы Талас ауданы Қасқабұлақ ауылында болған бұзақылық дерегіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады.

11 тамызда сағат 1:30-да Талас ауданы полиция бөліміне Қасқабұлақ ауылындағы бұзақылық әрекет туралы хабарланған. Облыстық полиция департаменті қызметкерлері 14 адамды ұстап, қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Әлеуметтік желіде жанжал қазақ-күрд жігіттері арасында болғаны туралы ақпарат тараған.

Үндеу жасаған бірлестік өкілдері келеңсіз жайт жекелеген адамдардың әрекетінен болғанын, түсінбеушілік лезде шешілгенін хабарлады.

"Қымбатты жерлестер, қадірлі қазақстандықтар!

Жамбыл облысы Қасқабұлақ ауылында болған соңғы күндердегі оқиға қоғам назарын аудармай қоймады. Медицина мекемесінде ерекше есепте тұрған екі адам арасындағы тұрмыстық жанжал түсінбеушілікке ұрындырып, жекелеген жас балалардың шағын бұзақылығына әкеліп соқты.

Алайда бұзақылар әрекетінің жай-жапсары лезде анықталып, қазір тексеріс жүріп жатыр. Жас балалар мен олардың ата-аналары бір-бірінен кешірім сұрады.

Кей адамдардың жаңсақ дерек таратып, әлеуметтік желіде түймедейді түйедей етіп жазуы ұзақ жылдан бері қоян-қолтық араласып, бірге еңбектеніп, отбасыларымен достасып кеткен адамдарды жанжалдастыру, бір-біріне айдап салу мақсатын көздейді.

Біз зәбір көрсету, тонау, ойран салу, қазақтардың күрттерге қырын қарайтыны туралы деректердің жалған әрі арандату екенін мәлімдейміз. Ауылда ешкім зардап шеккен жоқ, адамдардың мүлкі қираған жоқ, ешкім ешқайда қашпады. Бәрі тыныш тұрып, жұмыс істеп жатыр. Мұндай әңгімелерді қылмыстық спекуляция деп танып, адамдарды алдауды тоқтатуды талап етеміз.

Біз елде бейбітшілік пен келісім болуы үшін бәрін жасап жатырмыз, жасай береміз де. Отанымыз деп санайтын Қазақстанды гүлдендіру жолында еңбектеніп келдік, еңбектене береміз де" делінген бірлестік үндеуінде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір