• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:41:15
Алматы
+35°

Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция қызметкерлері "жалақысы жоғары жұмысқа тұрғызамын" деп адамдардан қомақты ақша алған алаяқ әйелді ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

– 1985 жылы туған 35 жастағы С. есімді әйел бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ол шілде айының ортасында Абай даңғылы мен Саин көшесінің қиылысында тұрып, адамдарға жұмыс ұсынған. Әйел карантин кезінде кейбір азаматтардың жұмыстан босатылғанын және уақытша жұмыс іздеп жүргенін алға тартқан. Сенгіш адамдарды мұнай компаниясына жұмысқа орналасуға көмек бере алатынына сендіріп, олардан ақша алған. Бірақ кейіннен ақша да, жұмыс та жоқ. Қазіргі уақытта біздің бөлімге екі адам осы жағдай бойынша жүгінді, – дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Әлішер Тұрсынбетов.

Сонымен қатар, полиция күдіктінің қала аумағында, басқа аудандарында заңсыз әрекеттер жасаған болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Осыған ұқсас жағдай басынан өткен азаматтар полицияға мына нөмірлер бойынша хабарласа алады: 8-701-852-60-94, 8-707-515-47-35.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір