• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:41:58
Алматы
+35°

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалған Ерғали Сыдымановқа қатысты қызметтік тергеу жүргізуді тапсырды. Бұл туралы денсаулық сақтау мининистрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов хабарлады.

"Бүгін Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой БАҚ және әлеуметтік желілерде тарап кеткен Алматы облысының бас санитар дәрігерінің жергілікті базар кәсіпкерлерімен кездесу барысында қала тұрғындарына айтқан сөздері жазылған видеоны көріп шықты. Ол тұрғындардың наразылығымен келіседі және мұндай әрекет мемлекет қызметкеріне сай емес деп есептейді" делінген жазбада.

Оның айтуынша, қызметтік тергеуге қатысты талқылау нәтижелері ресми сайттарда хабарланады.

Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов алғашқы жұмыс күнінде Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездескен болатын. "Мен саған қызмет көрсетпеймін. Болды, сау болыңдар, басымды қатырмаңдар" деген сөздері тұрғындардың наразылығын тудырып, видео әлеуметтік желі мен БАҚ-та тараған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір