• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:28:26
Алматы
+35°

Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі мүдделеріне қатысты Токиодан қатаң ескерту жасалды. Жапон қорғаныс министрі Таро Коно "жағдайды күшпен өзгертуге тырысатын кез келген ел жоғары шығын төлеуге мәжбүр болады" деді. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады.

Кононың сөзінше, Бейжіңнің Оңтүстік Қытай теңізі арқылы бекіністі қондырғылар тұрғызуы аймақтың жағдайын "тұрақсыздандырады".

Ол "Оңтүстік Қытай теңізіндегі еркін және ашық теңіз тәртібі басқа кез келген жердегі сияқты маңызды және ол жерде болып жатқан оқиғалар халықаралық қауымдастықты алаңдатады" деп қосты.

Токио Вашингтон жағына шығып, Бейжіңнің халықаралық сулардың үлкен бөліктеріне иелік алу әрекетіне қарсы шықты.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жапония Қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір