• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:05:07
+35°

Қазақстанда 17 тамызы мен 3 қазан аралығында өтетін праймериз сайлауы жоғары оқу орындарындағы докторанттар мен магистранттарға арнайы курс ретінде енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Л.Н.Гумилев атындағы журналистика және саясаттану кафедрасының профессоры Наталья Калашникова ҚХА өкілдерінің қатысуымен өткен Zoom-конференцияда мәлім етті.

– Доктаранттар мен магистранттарға праймериз нәтижелері негізінде арнайы курс енгіземіз. Праймериз сайлауы туралы курс енгізу өте маңызды, себебі, саяси мәдениет болашақ саясаттанушылар үшін өте қажет. Біз кафедра басшысымен келіссөздер жүргіздік. Арнайы курс докторанттар үшін, мүмкін болса магистранттар үшін де енгізіледі. Олардың диссертациялық, докторлық тақырыптары Қазақстандағы жаңа сайлау технологиясына арналатынына күмән жоқ, – деді ол.

Наталья Калашникованың шәкірттері қазірдің өзінде екі блокқа бөлініп, алда болатын праймеризге өзіндік үлесін қосуда.

– Менің магистрант және докторант шәкірттерім қазір екі блокқа бөлінді. Бірінші блок – праймериздің насихатын жасаушы саясаттанушылар, ал екіншісі – праймеризге қатысушы үміткерлер. Қазіргі жастардың қабілетін праймеризде барынша пайдалануымыз қажет. Партия ішіндегі іріктеу басталғанға дейін біз коммуникацияны күшейтіп, әлеуметтік желілер арқылы жастарымызды ерекше шараға атсалысуға шабыттандыруымыз керек, – деді Наталья Павловна.

Zoom-конференцияда праймериздің маңызы туралы айтқан Ассамблея өкілдерінің бірі Дмитрий Корепанов алдағы сайлауға өтініш бергенін айтты. "Ауыл – мемлекет тірегі" жобасының негізін қалаушы Корепанов елдегі азаматтар, оның ішінде ауыл тұрғындары жаңа саяси тұлғаға мұқтаж екендерін жасырмады.

– Праймериз Қазақстан саяси жүйесі дамуының жаңа кезеңі. Еліміздегі азаматтық қоғамға, оның ішінде ауыл тұрғындарына жаңа саяси тұлғалар, жаңаша формат қажет. Пандемия кезінде елдегі ғана емес, әлемдегі ахуал нашарлап кетті. Сондықтан бұл шараға жастар ғана емес, тәжірибесі бар, елді дағдарыстық жағдайдан шығара алатын азаматтарды қатыстыру керек сияқты. Мен праймеризге қатысуға өтініш бердім. Қазіргі таңда бұл шараға дайындалып, өз бағдарламамды жасап жатырмын, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: праймериз

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір