• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:44:15
+35°

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергенов оқыс жағдайда қайтыс болды. Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов Telegram арнасында хабарлады.

Саясаттанушының хабарлауынша, ол Миялы ауылының маңындағы Іле өзеніне батып кеткен.

"Наурызбай аудандық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергенов жазатайым жағдайда қайтыс болды. Миялы ауылының маңындағы Іле өзеніне батып кетті. Иманды болсын!" делінген жазбада.

Серікбай Алдабергенұлы Төлепбергенов 1967 жылы қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген.

2017 жылдың маусым айынан бастап Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының төрағасы қызметін атқарып келді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір