Илон Маск неге пирамидаларды өзге ғаламшарлықтар салғанына сенеді?

  • Қазірге дейін мысыртанушылар, астрономдар, физиктер, математиктер, инженерлер жариялаған зерттеу нәтижелері бойынша Мысыр пирамидаларында өте көп математикалық, физикалық, астрономиялық кодтар жасырылған.
  • Калифорния университетінің физигі пирамидаларда жасырылан физикалық заңдылылықтар мен олардың солтүстікті көрсету дәлдігіне таңданса, Кембридж университетінің зерттеушісі пирамидаларды салуда Үлкен Диппер мен Кішкене Диппер жұлдыздарының қалай қолданылғанын жариялады. Пирамидалардың өлшемдерінің дұрыстығы соншалық, оларда тек 0,05 градусқа дейінгі дәлдікпен көрсеткен. Мичиган штаты унвиерситеті Орион шоқжұлдыздары мен пирамидалардың сәйкесітігін және өте жоғары деңгейдегі дәлдігін жариялады. НАСА зерттеушілері де пирамидалардың жұлдыздарды көрсету дәлдігіне таңданыстарын жасырмаған.
  • "Пирамида табанының ұзындығы жарықтың жылдамдығына (9 орынды санға дейін) сәйкес келуі, пирамида өлшемдерінің Жердің экваторының ұзындығымен (15 орынды санға дейін) ұқсас болуы, пирамида тағанының ұзындығы мен енінің Жер шарының солтүстік жарты шарының модельімен (6 орынды санға дейін) бірдей болуы, Жер шары мен Айдың диаметрі, Жер шарының күнді айналу уақыты (пирамиданың табанына) 6 орынды санға дейін ұқсас болуы мүлде кездейсоқтық емес. Оны тек өте жоғары дамыған өркениет ғана жасай алады" дейді кейбір зерттеушілер.
  • Мысырдағы ұлы пирамидалар "Алтын қатынас" пропорцияларын тығыз бейнелейді. 
  • Ұлы пирамида ескерткіштерінің периметрін биіктігіне бөлгенде пи-ге тең санды береді және ол 15 ондыққа дейін сәйкес келеді. Бірақ оны тек өте жоғары дамыған өркениет ғана жасай алады.
  • Әрдайым өзгеріп отыратын климатқа қарамастан, осы құпия құрылыстардың ішіндегі температура ешқашан 20 градустан аспаған. 20 градус - Жер шарының орташа температурасы. Ежелгі мысырлықтардың осы жоғары технологиялық дизайнға қалай қол жеткізгендігі әлі ашылмаған.

 

Жақында ғана SpaceX және Tesla компанияларының бас атқарушы директоры Илон Маск Мысыр пирамидаларын бөгде ғаламшарлықтар салғаны анық екенін мәлімдеді. “Пирамидаларды бөгде ғаламшарлықтар салған, ол айдан анық” деп жазған Twitter парақшасында.

Оның бұл жазбасын қолдағандар да, айыптағандар да болды. Тіпті, Мысыр министрі оны еліне шақырды.

Дегенмен, Маск пирамидаларды неге өзге ғаламшарлықтар салғанына сенетінін айтпады, түсіндірмеді.

Қамшы тілшісі "Мысыр пирамидаларын өзге ғаламшарлықтар салған" деген уәждің қаншалықты негізі бар екені жайында ақпарат жинап көрді.

Орион белдеуін көрсетуі

АҚШ Мичиган штаты университеті жариялаған ақпарат бойынша Мысыр пирамидалары шектен тыс дәлдік деңгейімен Орион шоқжұлдызына сәйкес келеді.

Мичиган штаты университеті пирамидаларды Орион белдеуімен салыстырған суретті жариялаған. Университеттің ақпараты бойынша, Орион үш шоқжұлдызының ортасындағы жұлдыз диагональдан ауытқыған. Ал үш пирамида да сонымен қатар біреуі диагональдан ауытқыған. Жұлдыздар мен пирамидалардың салыстырмалы позициялары бір-біріне өте жақсы сәйкес келеді. Тіпті жұлдыздардың жарықтығы пирамидалардың көлеміне сәйкес келеді. Гизада екі пирамида өзара ұқсас, ал кішісі қалған екеуінің биіктігінің 53% ғана. Орион белдеуі шамамен бірдей екі жарық жұлдыздан тұрады, ал үшінші біреуі қалған екеуінің жарықтығының 50% құрайды. Ең кішкентай пирамида диагональдан ауытқыған жұлдызға сәйкес.

Мичиган штаты университеті ұлы пирамида магниттік Солтүстік полюсті дәл бағыттайтыны туралы мәлімдеген. Сондай-ақ жазда күн Сфинкс жақтан шығып ұлы пирамида мен көрші пирамида арасына батады. Бұл мүмкін болу үшін мысырлықтар жаздағы күннің қозғалысын өте жоғары дәлдікпен білуі керек еді, ол кезде күнтізбелік жыл ұзақтығы әлі анықталмағандықтан, бұл да үлкен ашылмаған сыр.

Негізінде Гиза үстіртіндегі төртінші әулет мысырлық пирамидалары мен Орион шоқжұлдызындағы кейбір жұлдыздардың туралануын 1973 жылы доктор Джеймс Дж.Хуртак алғаш рет жариялаған. Ал, инженер Роберт Баувал 1983 жылы Гиза Пирамидалары Орион белдеуімен теңестірілгенін зерттеп, корреляцияны көрсеткен.

Баувал өз зерттеулерін 1994 жылы “Орион құпиясы: Пирамидалардың құпияларын ашу” кітабына жариялай отырып, Орион белдеуінің үш жұлдызы мен пирамидалардың орналасуының ұқсастығы туралы егжей-тегжейлі айтқан.

Бауваль Орион жұлдыздарын пирамидалардың сыртқы көрінісінің үстіне жапсырып, олардың дәл сәйкес келгеніне таң қалған. Оған қоса, пирамиданың ішіндегі "ауа белдеуінің" біреуі негізінде Орион шоқжұлдызындағы Алнитак жұлызын көрсететінін мәлімдеген.

Пирамидалардың солтүстікке дәлдікпен бағытталуы және жұлдыздарды көрсетуі

Мысыртанушылардың айтуынша, пирамидаларды салуға қатысы бар біреулер құрылыстарды солтүстікке қалай жоғары деңгейдегі дәлдікпен келтіру керектігі туралы білімдерге ие. Гизаның үлкен пирамидасы шынайы солтүстікке оннан бір градусқа дәл келтірілген. Мұны ғалымдар әлі күнге дейін түсіндіре алмайды.

Калифорния университетінің (Ирвин) физигі Майкл Денниннің айтуынша, пирамидалардың орналасу сызығының солтүстікті дәлдікпен көрсетуі адам таңқаларлық деңгейде дұрыс. Оның пікірінше, пирамидалар салынған уақытта тіпті де үлкен дәлдікпен солтүстікті көрсеткен болуы мүмкін, себебі Жер шарының осьі өте ақырын жылдамдықпен өзгеріп отырады.

Британиялық мысыртанушылардың айтуынша да пирамидалар жұлдыздарды да өте үлкен дәлдікпен көрсетіп тұр.

Кембридж университетінің зерттеушісі Кейт Спенс 2000 жылы пирамидаларды солтүстік-оңтүстік бағытта салғанда Үлкен Диппер мен Кішкене Диппер жұлдыздарының қалай қолданылғанын көрсететіні туралы зерттеуін жариялаған.

Пирамидалардың өлшемдерінің дұрыстығы соншалық, олар 0,05 градусқа дейінгі дәлдікпен көрсеткен. Бір қызығы, бұл ақпараттың көмегімен астрономиялық жазбаларды қолдана отырып, пирамидалардың орнын табуға болады.

Ал, НАСА зерттеушісі Мысыр пирамидаларының ежелгі солтүстік жұлдызымен үйлесуі мүмкін екенін айтады.

Жарық жылдамдығы, Жердің солтүстік жарты шарының моделі тағы басқа дәлдіктер

Ежелгі өркениеттерді зерттеуші Дэвид Уилкоктың пікірінше, пирамидаларды салу технологиясының деңгейі, күрделілігі қазіргі заманғы технологиялардан әлде қайда жоғары.

Оның айтуынша, Мысыр пирамидаларында қолданылған өлшем бірлігі біз қолданған метр бірлігі емес, куб бірлігі (cubit). 

Бір қызығы, бір куб бірлігі Жер шарының полярлық диаметрінің 1/25 000 000-іне тең.

Ал, ежелгі өркенит зерттеуші Фредди Силваның айтуынша, пирамиданың бір табанының ұзындығы 365,242 куб бірлігіндей ұзындықта. Ал бұл бір тропикалық жылдағы 365,242 күнмен алты орынды санға дейінгі дұрыстықпен дәлме-дәл бірдей.

Пирамиданың ұзындығы (3043 433 фут) мен кеңдігі (3023139 фут)-нің өлшемі эквоторда өлшенген бойлық (3043 433) және ендік (3023139) бөлшегімен сәйкес келеді. Ал оны үлкейтсек, ол экватордың ұзындығы мен эквотордан солтүстік полюсқа дейінгі өлшеммен сәйкес келеді. Ол Жер шарының солтүстік жарты шарының үлкен масштабтағы модельімен жеті орынды санға дейін ұқсас.

Ал, Ұлы пирамиданың орналасқан координатасына қарасақ ( 29.9792458N), ол жарықтың секундына таралатын жылдамдығымен бірдей (299792458 м/с). 

"Егер осындай өте үлкен ақпараттардың дәл келуіне қарасақ, Жер шарындағы осыншама ақпараттар Ұлы пирамидаға кодталып кіргізілген. Ал бұлардың барлығын кездейсоқтық деп, мүлде елеусіз қалдыра алмайсың" дейді швейцариялық зерттеуші Джорджо Цукалос. 

Оның пікірінше, пирамиданы салуға қатысы бар біреулер жарық жылдамдығын (9 орынды санға дейін), Жердің экваторын (15 орынды санға дейін), Жер шарының солтүстік жарты шарын яғни экватордың периметрі мен одан солтүстік полюсқа дейінгі аралықтың қатынасын (6 орынды санға дейін), жер шарының күнді айналу уақытын (пирамиданың табанына) 6 орынды санға дейін дәлдікпен кодтаған.

Алтын қатынас жұмбағы және математикалық, астрономиялық кодтаулар

Зерттеушісі Скотт Уоринг және Джон Тейлор пирамидаларды бөгде ғаламшарлықтар салуы мүмкін дейді. 

"Ұлы пирамида ескерткішінің периметрін биіктігіне бөлгенде пи-ге тең санды береді және ол 15 ондыққа дейін сәйкес келеді. Бірақ оны тек бөгде ғаламшарлықтар ғана жасай алды" дейді Уоринг. 

Ал зерттеуші Джон Тейлор бұдан әрі Ұлы пирамида жерді бейнелеу үшін ойластырылғанын, биіктігі солтүстік полюсте жердің центріне қосылатын радиусқа ұқсайтынын, ал периметрі жер экваторындағы периметіне дәл келетінін айтты.

Оған қоса, Мысырдың ұлы пирамидасы "Алтын қатынас" пропорцияларын тығыз бейнелейді. Фи немесе Алтын қатынас табиғатта пайда болатын заңдылық, оны ғалымдар қазірге дейін толық түсіндіре алмайды.

Уикипедияға сәйкес, ұлы пирамиданың тағаны 230,4 метр және болжамды бастапқы биіктігі 146,5 метр. Бұл сонымен қатар биіктіктің базистік қатынасына 0.636 құрайды, бұл шын мәнінде алтын үшбұрыш, кем дегенде дәлдіктің үш маңызды ондық белгісіне сәйкес келеді. Егер база шынымен 230,4 метр болса, онда керемет алтын қатынастың биіктігі 146.5367 болады. Бұл Ұлы Пирамиданың нақты өлшемдерінен тек 0,0367 метрге немесе 0,025%-ға дейінгі дәлдік. Дәлдікке кейбір ғалымдар таң қалғанымен, кейбір зерттеушілер "бұл өлшеу немесе дөңгелектеу арасындағы айырмашылық болуы мүмкін, негізінде одан да үлкен дәлдікте" деп сенеді.

Пирамидалардың дизайнында қандай әдіс қолданылса да, түпкілікті нәтиже жоғары дәлдікпен Алтын қатынас негізіндегі үшбұрыштың геометриясын білдірген.

Кейбір зерттеушілердің пікірінше, ұлы пирамиданың биіктік геометриясы Ай мен Жердің нақты пропорцияларын анықтайтындығын жариялады. Жер шары мен Айды бір-біріне жанасатындай етіп, жақындастырған кездегі жағдаймен салыстырғанда, пирамиданың ұшы Айдың ортасында орналасқан және пирамида тағаны Жер экваторының бойымен орналасқан. Бұл қарым-қатынасты суреттеп, тиісті өлшемдерді қосқанда, тіпті де таңқаларлық астрономиялық дәлдік шығады. Ай мен Жердің біріктірілген орташа диаметрі 10080 мильді құрайды, ал бұл NASA мәліметтерімен пирамида өлшемдерінің 99,96% дәл екенін көрсетеді.

20 градус

Пирамидалар ең ежелгі ауаны салқындату құрылғысы сияқты. Әрдайым өзгеріп отыратын климатқа қарамастан, Мысыр пирамидаларының ішіндегі температура ешқашан 20 градустан аспаған. Мысырда күндізгі қатты ыстық температура болса да, бірақ бұл пирамидалардың ішіндегі температураға ешқашан әсер етпеген. 20 градус - Жер шарындағы орташа температура. Ежелгі мысырлықтардың осы жоғары технологиялық дизайнға қалай қол жеткізгендігі әлі ашылмаған.

Салынған орны Жер шарының дәл орталығы 

Пирамидаларды зерттеуші, Глазго қаласында тұратын инженер Скотт Крейтонның пікірінше, пирамиданы кординалды және реттік бағытта кесіп өтетін сызықтар Жер шарының ең үлкен құрлықтық ауданын басып өтеді. Бұл пирамиданың Жердің дәл орталығында тұрғанын көрсетеді. 

Ал 1864 жылы Шотландия корольдік астрономы Чарльз Пиацци Смит өзінің "Ұлы Пирамидадағы мұрагерлік" деген кітабында Мысырдағы Гиза Ұлы пирамидасының орналасқан орны 30 ° 00′N 31 ° 00′E болатын координаттарды жариялады. Ол мұны "бүкіл әлем бойынша адам өмір сүретін құрғақ жерлерді мұқият қорытындылау" арқылы есептелген деп мәлімдеді.

Сол жылдың қазан айында Смит Ұлы Пирамида бойында негізгі меридианды орналастыруды ұсынды. Мәселені шешкен сарапшылар комиссиясы Гринвичке дауыс берді, өйткені "Лондон кемежайын көптеген кемелер пайдаланды". Смиттің кітабына сілтеме жасай отырып, Фредерик Август Август Портер Барнард өзінің 1884 жылғы кітабында "Гиза Ұлы пирамидасының елестетілген метрологиялық жүйесі, Ұлы пирамиданың бойлық сызық бойымен керемет орналасуы тек оның құрылысшылары мақсатты түрде жасалуы мүмкін" деп жазды. 

Trestle Board журналының 1919 жылғы қыркүйектегі санында Мейсон Уильям Галлихер Ұлы Пирамиданың географиялық орталық екенін білу "көптеген жылдар бойғы ғылыми зерттеулермен анықталады" деп мәлімдеді. 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір