• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 02:13:35
Алматы
+35°

Алматы облысында ер адам әйеліне қол жұмсап, баласын дәретхана суына тұншықтырған. Бұл туралы "Не молчи" ұйымы Facebook желісінде хабарлады.

Ұйым мәліметінше, ер адам бірнеше күн бойы әйелі мен баласына жәбір көрсеткен. Ол әйелімен бір жылдан аса уақыт бірге тұрған. Қазір үш айлық ұлы бар. Әйелдің бірінші некесінен 9 және 4 жасар ұлы бар. 

"3 тамыз күні жәбірленушінің анасы бізге қоңырау шалды. Немересі әкесінің ұрғанын айтып, анасының суретін жіберген.  Күйеуі бала-шағасының ұялы телефонын тартып алып, үйіне ешкімді кіргізбей қойған. Тіпті баласы абайсызда пәтердегі кранды сындырып алғаны үшін соққыға жыққан. Ол әйелін қорқыту үшін кіші баласын дәретхана суына батырудан тайынбаған. Әйелінің және ұлының қабырғалары сынған, миы шайқалған. Қазіргі уақытта екеуі ауруханаға жатқызылды" делінген желідегі жазбада.

Жәбірленушінің айтуынша, мұндай келеңсіз жәйттар бұрын да қайталанған.

"Әйелі мен бала-шағасын қанша қорқытса да оған кешіріммен қараған. Бұған дейін күдікті адам өлтіру фактісімен 20 жылдай түрмеде отырған. Содан ол ештеңеден тайынбайтынын және қорықпайтынын жеткізді" делінген ұйым жазбасында.

Әжесінің айтуынша, 4 жасар ұлына өгей әкесі зорлық-зомбылық көрсеткен. Қазір одан анализ сараптамалары алынуда. 

Аталған оқиға жайлы Алматы облыстық полиция департаменті "Не молчи" ұйымы қызметкерлерінен білген. Бұрын жәбірленуші полицияға арызданбаған.

Департаменттің хабарлауынша, 1976 жылы туған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оған қатысты ҚР қылмыстық Кодексінің 110 бабы (кәмелетке толмаған адамға қатысты азаптау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: сотталған

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір