• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 03:34:52
Алматы
+35°

Facebook-те Қазақстан туына дәрі тамызғыш іліп, ем қабылдап жатқан әйелдің видеосы тарады. Бейнежазбаны желі қолданушысы Лайла Дарханбаева парақшасында жариялады.

"Қазақстанның мемлекеттік туына медициналық құралды іліп қойған. Осы дәрежеге жеттік пе. Туды сыйламайсыздар ма. Сіздің туға түйреуіш тағып қолдануға қандай құқығыңыз бар? Басшылық ретінде кабинетті пайдалана алмайсыз, оған арнайы орын бар" дейді видеоны түсірген Ержан есімді азамат.

Видеода басшылық қызметте отырған әйел "амалдың жоқтығынан" осындай қадамға барғанын айтты.

Видеоны жариялаған Лайла Дарханбаева видеодағы әйелдің қолдаушылары мықты екенін жазды.

"Келестіктер басшы болса кеңкелес болып қалады ма? Әлде басынып кетеді ма? Кейбір әкімнің мемлекеттік рәміз бен елбасынының портреті тұрған кабинетінде өзара бірігіп арақ құйып атойлатқандары бар еді. Мынау басшы әйел адам болған соң, әкім сияқты араққа жеткізбесе де Көк туды желбіретіп қызмет орнында аспа уколды асып қойып ем қабылдап жатқанының куәсі болыңыздар. Атың шықпаса жер өрте! Крышасы анау крыса деп естідік" деген өз жазбасында.

Оқи отырыңыз: Туға дәрі тамызғыш іліп қойған басшыға қатысты ресми мәлімдеме шықты

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ту рәміз басшы келес

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір