• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:46:01
Алматы
+35°

Қостанай облысының тұрғыны жұмыс көлігінде ұйықтап жатқан полицейді видеоға түсіріп, балағаттағаны үшін кешірім сұрады. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты жазды.

Қостанайлық Сергей Зинченко қаланың орталығындағы көшенің шетінде патруль көлігінде ұйықтап жатқан полицейді видеоға түсіріп, желіге жариялаған. Билік өкілі өзін видеоға түсіріп жатқанын байқап қояды да өзінің ұялы телефонын қарай бастайды. Сергей полицейден өзін таныстырып, құжат көрсетуін талап етеді, жауап ала алмаған соң ролик авторы бейәдеп сөздер айтып, полицейді балағаттайды. Кейін видео тоқтап қалып, әрі қарай екеуі көлікке отырған сәтте бейнежазба жалғасады.

"Досым, көзіме қарашы, сеніңше істеп отырғаның дұрыс па? Сіздер зейнетке 45 жаста шығасыздар, жеңілдіктер аласыздар, әр жарты жыл сайын жалақыларыңыз көтереді. Соның бәрі сонда ұйықтау үшін бе? Сен ұйықтап жатқан жоқпын дегің келе ме? Көліктегі орындықтардың екеуі де жатқызылған, демек екеуіде ұйықтап жатыр" дейді ролик авторы.

Полиция департаментіндегілер аталған факт бойынша қызметтік тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Полиция департаментінде видеомен танысқаннан кейін полицейге қатысты қызметтік тергеу бастау туралы шешім шығарылды. 33 жастағы қостанайлыққа қатысты билік өкіліне тіл тигізгені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды" деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментіндегілер.

Ұйықтап жатқан қызметкерді видеоға түсірген Сергей Зинченко өзінің қылығы үшін кешірім сұрап бейнежазба түсірді.

"1 тамыз күні жолда кетіп бара жатып ұйықтап жатқан қызметкерді көрдім. Тоқтап "сөгіс" жариялау үшін видео түсірдім. Содан кейін кетіп қалдым. Ол менің артымнан қуып жетті. Сөйлесейік, деп көлікке отырдық. Мен алкоголь ішіп, мас күйде болғандықтан артық сөйлеп қойдым, МАИ қызметкері және жүйеге қатысты бейәдеп сөздер айттым, ашуланып айтып қойдым, соған өкінемін" дейді қостанайлық жігіт.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: полиция

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір