• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Наурыз, 15:25:28
Алматы
+35°

Гонконгтан АҚШ-қа қашып барған доктор Ян Лименг "Americas Voice" арнасына берген сұхбатта "Гидроксихлорохин сиқырлы дәрі болмаса да, ол өмірді құтқара алады", "Қытай коммунистік партиясы тіпті де қорқынышты вирусты дамытуда", "Чен Вэй дәлелдерді жою үшін Уханьға барды" деген сияқты күтпеген ақпараттарды жариялаған.

Бұл сұхбатқа доктор Ян Лименгмен қоса, Трамп әкімшілігінің бұрынғы бас стратегі Стивен Кевин Баннон де қатысқан.

Эксклюзивті сұхбатта доктор Ян гидроксихлорохиннің коронавирусты емдеу мен алдын алуда өнімділігін баса айтты. Сұхбатта Тайвань, Үндістан және Оңтүстік Корея сияқты елдер осы дәріні қолданып, көптеген жақсы нәтижелерге жеткені айтылды.

Ал дәріге қарсы пікірлерді түсіндіргенде, олар науқастарды қалай таңдады, олар кейстерді қалай ажыратты? Жеңілден ауырға қарай науқастарды қалай бөлді? Олардың стандарттары, қамту және қамтымау талаптары қандай екеніне және нәтижесіне қарау керек, статистикасына қарау керектігін атап өтті.

Гонконктік маманның айтуынша, кейбір медицина қызметкерлері өздерінің лауазымын және атағын пайдаланып, гидроксихлорохиннің өнімді екенін жариялау арқылы адамдарды таңғалдыруға тырысуда. Ол Үндістан, Мысыр сияқты елдердің бұл дәріні бастапқы кезеңде қолданғанын жариялағанын айтты. Доктордың ақпаратынша, олар өте жақсы табысқа жеткен.

– Неге АҚШ, тіпті, Қытай да бұл дәрі туралы кеңес бермейді? Ал, ДДСҰ-ға қараңыз, ДДСҰ бұл дәріні дереу тоқтату керектігін айтты. Олар тағы не айтты, адамнан адамға жұқпайды деді, дұрыс па? Бетперде тағу көмектеспейді деді, дұрыс па? Олар жасырып жабу үшін көп жұмыстар істеді. Сіздің түсінігіңізді бұрмалау үшін. Олардың артында Қытай коммунистік партиясы тұр, – деді Ян. 

Гонконгтық маманның айтуынша, гидроксихлорохин алпыс жылдан артық қолданылған. Дәрі аяғы ауыр әйелдерге де, балаларға да пайдалы. Дәріні қолданғанда әр уақыт тексеріліп тұру да керек. Оған қоса, бұл дәрі 2005 жылы САРС вирусына да қолданған және жақсы өнім берген. Ал, зияны жөнінде айтылғанда, доктор "егер көп су ішсең де зияны болады" деп жауап қайтарды. Дәрігердің сөзінше, бұл қазірге дейін ең жақсы қорғанатын және емдейтін дәрі. 

– Біз оны шұғыл емдеу шарасы ретінде вакцина тапқанша қолдануымыз керек, – деді ол.

Доктор тағы Қытай билігі ақпараттарды сыртқа шығармағанын, вирустың шын жағдайын ғалымдардың білуін кешіктіру үшін, зерттеу мен вакцина табуды кешеуілдету мақсатында Бейжіңнің солай жасағаннын айтты.

– Мен бұл жағдайды 2020 жылы 16 қаңтарда ғылыми жетекшім, ДДСҰ кеңесшісі проф. Лео Пенмен бірге екінші рет құпия зерттеуге қатысқанда білдім. Бұл вирусты адамдар өзгерткен, бірақ толық қолдан жасалмаған. Қытай азаттық армиясының зерттеу тобы тапқан жарғанат вирусынан гені өзгертілгеннен пайда болған, – деді доктор.

Ян барлық ақпараттарға талдау жасап, жазып, ғылыми жетекшісіне бергенін, алайда жетекшісі ештеңе жарияламағанын, ДДСҰ-да ешқандай реакция танытпағанын хабарлады. Уханьда таралған вирустың адамнан адамға жұғатыны туралы да ешкім мәлімдемегенін айтты. 

– Вирустың гендік ерекшеліктері туралы күйеуіммен талқыладым. Ол да ДДСҰ маманы. Екеуіміз де бұл вирустың тегі Қытай азаттық армиясының Zhoushan жарғанат коронавирусы екенін тұжырымдадық. Бұл өте мықты дәлел... Вирус зертханда өзгерту барысынан өтіп, сосын барып коронавирусқа айналған... Мен бұл дәлелдерді тапқан кезде, Қытай коммунистік партиясына да, Гонконг үкіметіне де сенбедім. Қазір мен ДДСҰ-ға да, ғылыми жетекшіме де сенбеймін, – деді маман.

Трамп әкімшілігінің бұрынғы бас стратегі Стивен Баннон желтоқсанның соңында Тайваньның ДДСҰ-ға вирустың "адамнан адамға жұғатыны" туралы хабарлағанын айтты. Ол тағы COVID-19-дың адамдар жағынан жасанды түрде жасалғаны қаңтар айында анықталғанын мәлімдеді.

– Ұлыбритания Саутгемптон университетінің зерттеуі бойынша, егер Қытай билігі шындықты ашық айтқан болса және ДДСҰ дұрыс жұмыс жасаған болса, 95 пайыз өлім және экономикалық зардаптардан аман қалуға болады екен. Сол кездегі екі үш аптада кейбір адал мамандар шындықты білген, олар ДДСҰ жағынан, Қытай билігі жағынан қысымға ұшыраған, – деді ол тағы.

Баннон доктордан келесі кезекте қандай негізгі жұмыстар істелуі керектігі туралы сұрағанда, Ян бүкіл әңгімелердің жазбасын тексеру керектігін айтты.

– Электронды пошталар, өшірілген электронды пошталарды да, текст хабарламалар бәрін тексеруіміз керек. Менің ойымша, технология оған жетеді. Телефон қоңырауларының жазбасын да тексеру керек. Біз не болғанын білуіміз керек. COVID-19-дан бұрын және кейін. Әсіресе, жетекші мамандарға көңіл аударуымыз керек. Мысалы, проф Малик Пэрис, проф Чженли Ши. Олар COVID-19-дан бұрын және кейін не істегенін білуіміз керек. Неге сонша өтірік айтылды? Менің айтпағым, зерттеуші ретінде "бұл вирус гендік тұрғыдан қалыпты жағдай емес" деп мәлімдеу өте оңай. Неге бәрі Қытайдың антикоронавирус соғысын мақтап кетті? Неге ол табиғи түрде пайда болған деген сияқты көптеген өтіріктер айтылды? Біз зертхана есептерін тексеруіміз керек. 2020 жылы ақпанда Чен Вей Ухань зертханасына барып, олар дәлелдемелердің көзін құртқан. Біз әліге дейін қалыпты емес істерге куә болып отырмыз, – деп жауап берген.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай доктор

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір