• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:44:40
Алматы
+35°

Бибіжамал Аблазимованың жаназасына карантинге қарамай көп адамның жинауы желіде қызу талқылатып жатыр. Мәселеге қатысты марқұмның әпкесі Күлжан Сырбайқызы Маңғыстау тұрғындарына бейнеүндеу жолдады.

Марқұмның әпкесі елдегі карантинде ескеріп жерлеу рәсіміне ешкімді шақырмағанын атап өтті. Жиналған адамдарға медициналық маскалар, антисептиктер таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген. 

– Әулетіміз ауыр қазаға ұшырап, қиын жағдайға тап болды. Біз жерлеу рәсіміне ешкімді де шақырған жоқпыз. Келген адамдарға есігімізді "Кет" деп жаба алмадық. Барлық санитарлық талаптар сақталды. Теріс түсінбеңіздер. Кеткен қателіктеріміз болса айып етпеңіздер. Заңбұзушылыққа жол беріп, айыппұл төлеу қажет болса, төлейміз. Бізге халықтан биік ешкім жоқ. Халық болмаса біз кімбіз?! Барша қазастандықтардан кешірім сұраймын. Марқұм анамыз өлім аузында жатқанда балаларынан оны жерлеу және еске алу рәсіміне ешкімнің келмеуін сұрады. Болған жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды өтінемін!, – деді әпкесі Күлжан Сырбайқызы.

Айта кетейік, полиция генерал-майоры, БҚО полиция департаментінің басшысы Мақсұтхан Әбләзімов пен кәсіпкер Бахаридин Әбләзімовтің анасы Бибіжамал Әбләзімова 79 жасында қайтыс болған. Жерлеу рәсімінің видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Видеодан карантинге қарамастан жерлеу рәсіміне жүздеген қала тұрғыны жиналғанын көруге болады. Сондай-ақ тәртіп сақшыларының жолды жауып тастауы адамдардың наразылығын тудырған.

Оқиғадан кейін ақтаулық белсенділер облыстық полиция департаментінің бастығы генерал-майор Жанарбек Бақтыбаев пен облыстық денсаулық сақтау дәрігері Ерғали Сыдымановтың отставкаға кетуін талап етуде

Ішкі істер министрлігі Ақтау қаласында адам көп жиылған жаназаға қатысты тексеріс жұмыстарын бастады

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтау полиция сот

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір