• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:40:31
Алматы
+35°

Дина Таңсәрінің Facebook парақшасынан алынды

Алматы облысында тұратын көп балалы ананы күйеуі өлімші етіп сабаған. Әйелдің туыстары болған жайтты айтып «Не молчи» қоғамдық қорына хабарласқан. Бұл туралы қордың жетекшісі Дина Таңсәрі Facebook әлеуметтік желісінде жазды. 

Ерлі-зайыптылардың 4 баласы бар, отасқанына 15 жыл болған. Осы уақыттан бері күйеуі әйеліне жиі қол көтеріп келген.

– Ол "мен бұл күнге алдын ала дайындалып, балаларды әдейі әжесінің үйіне жібердім, сені өлтіру үшін" деп айтқан. Әйелін алдымен ұрып-соғып, ваннадағы суға тұншықтырып, қылқындырған. Әйелі айтарлықтай қарсылық көрсеткендіктен асханадан пышақты алып келіп, пышақтамақ болған. Осы сәтте әйелі қашып үлгерген, – деді жәбірленуші келіншектің әпкесі.

Жәбірленген әйел туыстарын көмекке шақырған. Олар араша түскен.

Қазір ер адам қамауға алынып, полицейлер оны тергеп жатыр. Күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабымен (Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру) іс қозғалған. Қылмыстық іс аясында қазір тиісті сараптамалар тағайындалуда. 

Ал жәбірленушіге алдағы уақытта ота жасалуы қажет.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір