• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 11:11:13
+35°

Коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу ережесі өкпе қабынуынан қайтыс болғандарға да қолданыла ма? Бұл сұраққа денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді. 

Министр өкпе қабынуынан қайтыс болғандарға коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу ережесі қолданылатынын айтты.

– Бұл бірдей жағдай. Сондықтан емдеу шараларымен қатар басқа да прициптер сақталатын болады, – деп жауап берді министр.

Бұған дейін елде коронавирус індетінен қаза тапқандарды жерлеу алгоритмі айқындалған қаулы шыққан. Қаулының қосымшасына сәйкес, COVID-19-ға күдікті адам қайтыс болғанда эпидемиологиялық тексеру және осы жағдайға байланысты басқа да іс-шаралар эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып тез арада жүргізіледі. СОVID-19 диагнозы зертханалық расталған жағдайда қайтыс болған адамның денесі ашылмайды және туыстарына берілмейді. Ал COVID-19-ға күдікті қайтыс болғанда мәйіт зертханалық зерттеу нәтижесі шыққанша туыстарына берілмейді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір