• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:36:49
Алматы
+35°

Күнді ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалымдар күнге ұқсас таза, таусылмайтын, өте үлкен энергия беретін затты армандап келген еді. Енді сол арман жүзеге асуы мүмкін. Францияда жасанды күн салынып жатыр. Бұл туралы "Қамшы" порталының ғылым саласындағы арнаулы авторы Жексен Тоқтарбай хабарлайды.

Жобаға АҚШ, Франция, Ресей, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты 6 мемлекет жалпы 24 миллард доллар қаржы құйған. Бастама іске асса, "кішкене күн" 500 MW энергия өндіруге қайқарлы болады. Франция 24 агенттігі дерегінше, жоба 2025 жылы аяқталады.

Бұл – адамзат тарихындағы ең үлкен жоба болмақ.

23 мың тонналық жасанды күннің жұмысы күннің ішіндеді химиялық реакцияларға ұқсайды. Мұнда да күннің ішіндегідей Сутек изотобы (проти мен тритий) бірігіп, Гелий атомын түзеді. Олардың атомдары бірігу барысында өте жойқын энергия бөледі. Нәтижесінде жасанды күнде 4 млн ℃ температураға дейін қол жеткізуге болады.

Күнде бұл процесстің орындалуы қиын емес. Өйткені күннің массасы да, тарту күші де жерден әлдеқайда үлкен. Сондықтан реакция оңай жүреді. Ал жерде процесс, яғни сутек изотоптары қалыпты жағдайда өздігінен бірікпейді. Сондықтан реакцияны жүргізу үшін 250 млн ℃ температура болатын орта жасау керек. Мұндай жоғары температураны алудың өзі өте қиын. Қазіргі жаңа технология бойынша аталмыш температураға тек супер-өткізгішті магниттің көмегімен ғана қол жеткізуге болады. Мұндай магнитті әлемде тек бірнеше ел ғана өндіре алады. Жасанды күнге Үндістанда 200 шақырым супер-өткізгішті сымнан жасалған 3000 тонналық супер магнит қолданылған.

Супер магниттің өзі -269℃ температурада яғни әлемдегі ең төменгі температурада жасалады.

Жоба сәтті жүзеге асса, болашақта Еуропадағы бірнеше ел таза энергиямен қамтылмақ.

Дәл осы секілді үлкен әрі таза энергия беретін жобаларды АҚШ пен Қытай бастап кеткен. Олар 2050 жылға қарай мұнайға деген тәуелділіктен түгелдей арылып, энергияның осы түріне көшпек.

Жоба АЭС-ке қарағанда 4 есе энергия көп бере алады. Сондай-ақ АЭС сияқты мәңгі сақталатын зиянды қалдық қалдырмайды. АЭС-те Уран атомы ядросы бөлініп, кіші атомға айналу барысында үлкен энергия өндіріледі. Бірақ оның барысында мыңдаған жыл сақталатын өте зиянды радиациялық қалдықтар пайда болады. Ал жаңа жоба Сутегі изотоптарының бірігуі барысында бөлінетін энергияға негізделген. Ал қалдық сутегі мен гелий қоршаған ортаға зиян емес.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Франция күн

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір