• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:28:39
Алматы
+35°

Қазақстанның грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровті ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне отбасы мүшелері ғана қатысады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігің баспасөз қызметі хабарлады.

"Пандемияға байланысты және адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында Жақсылық Үшкемпіровті жерлеу рәсіміне спортшының жақын туыстары ғана қатысады. Бастапқыда спортшымен қоштасу рәсімі Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді деп жоспарланды. Алайда қазіргі жағдайға байланысты марқұммен қоштасу рәсімі бір жылдан кейін өтетін болды" делінген хабарламада.

2 тамызда Қазақстанның грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек ерi, "Барыс", "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері Жақсылық Үшкемпiров қайтыс болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір