02 Тамыз, 2020 NEWS

Қазақстанда КВИ мен пневмонияның біріктірілген статистикасы жарияланды

Көрнекі сурет

Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 бойынша жаңартылған статистиканың алғашқы нәтижелерін хабарлады.

"2020 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, COVID-19 зертханалық расталған жағдайлардың саны – 1226, соңғы бір тәулікте 36 адам қайтыс болды. Анықталмаған этиологиясы бар, бірақ коронавирустық инфекцияның клиникалық және эпидемиологиялық белгілері табылған пневмониямен ауырғандар саны – 5181. Өткен тәулікте пневмония диагнозымен 30 өлім жағдайы тіркелді" делінген министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметов facebook-те жарияланған ресми ақпараттық хабарламада.

Қазақстанда 18 шілдеден бастап статистикалық деректерді есепке алу мен қалыптастырудың жаңа тәсілдері айқындалған. Министрліктегілер бұны COVID-19 және пневмония жағдайлары бойынша деректердің барынша ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынғанын мәлімдеді.

Бұған дейін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, шетел және Қазақстан ғалымдары елде өршіген пневмонияның іс жүзінде коронавирус екенін мәлім еткен.

Артынша президент статистиканы ретке келтіруді тапсырып, министрлік жоғарыдағыдай шешімге келген.

Ресми дерек бойынша елде коронавирус анықталған алғашқы күннен бүгінге дейін 91 593 адам вирус жұқтырған. Оның 60825-і жазылып шықса, 793 адам қайтыс болған.

Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір