• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:00:18
Алматы
+35°

АҚШ президенті Дональд Трамп қытайлық TikTok  бағдарламасына тыйым салатынын мәлімдеді. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Ол журналистерге бұйрыққа сенбі күні мүмкіндігінше ертерек қол қоятынын айтты.

АҚШ қауіпсіздік қызметкерлері "қытайлық ByteDance фирмасы бұл қосымшаны америкалықтардың жеке деректерін жинауға пайдаланады" деп қауіптенген.

Ал компания "TikTok Қытай үкіметімен мәліметтерді бөліседі" деген айыптарды жоққа шығарды.

Жылдам дамып келе жатқан қосымшаны Америкада айына 80 миллион адам белсенді қолданады және тыйым ByteDance компаниясы үшін үлкен соққы болмақ.

– TikTok туралы айтатын болсақ, біз оларды Америка Құрама Штаттарында (қолдануға) тыйым саламыз, – деген Трамп журналистерге.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Трамп TikTok

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір