31 Шілде, 2020 NEWS

"Бетіме "кислота" шашып кетемін деп қорқытады". Мұғалімнің видеосына күйеуі жауап берді (видео)

Видеодан скриншот

Қостанай облысының мұғалімі Айсұлу Байтықованың бұрынғы күйеуі Әлібек Байтықов өзіне тағылған айыпқа жауап берді.

Бұған дейін Айсұлу Бәйтенова әлеуметтік желіде бұрынғы күйеуінің бірнеше жылдан бері жәбір көрсетіп, қорқытып келе жатқанын айтып, көмек сұраған болатын.

Кейін мұғалімнің күйеуі желіге видеоүндеу жариялап, болған жайтты түсіндірді.

– Мен 34 жастамын. Екі жоғары білімім, 15 жылдан бері істеп келе жатқан сүйікті жұмысым бар. Жеке өмірімде де бәрі жақсы. Қызым Диананы жақсы көремін. Мені өте жаман адам ретінде жазаға лайық ер адамдардың қатарына қосып қойғаны ауыр тиді. Айсұлу Бәйтеновамен 2013 жылы шаңырақ көтердік. Бір-бірімізді жақсы көріп, өмір бойы бірге болуды жоспарладық. Алайда олай болмай шықты. Оған екеуіміз де кінәліміз.  Бірге тұрған кезде де, ажырасқаннан кейін де мен шектен шыққан емеспін. Біз қызымыздың тәрбиесіне келгенде екі түрлі көзқараста болдық. Егер оған қол көтерген болсам, өзімді ер адам ретінде есептемейтін едім, – деді Әлібек Бәйтенов.

Оның айтуынша, қызын анасынан айыру туралы ойы болмаған, көшіп кетуінің себебі басқа адаммен көңіл қосуында дейді.

– Ол Қарабалық ауылынан жұмыстан шығып қалғаны үшін кетіп қалған жоқ. Ол сол жақта бір ер адаммен көңіл қосты. Әрине, бұған оның толық қақысы бар. Бірақ менің жаныма қатты тиетіні жанымнан қызымның алыстап кеткені, – дейді мұғалімнің бұрынғы күйеуі.

Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы полиция департаменті істі бақылауға алғанын хабарлады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

@kstnews.kz @tengrinewskz @kostanay__news @kostanay_news @ng.kz_ @nemolchi.kz @alau.tv

Публикация от Газета "Айна" (@ainanews.kz)

Ілмек сөздер: Қостанай отбасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір