• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:52:32
+35°

Алматы облысы Қарасай ауданында 58 мың 390 жас бар. Ол тұрғындар санының үштен бір бөлігін құрайды. 500 ерікті жас өздері құрған жоспар бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Ауданның үздік еріктісі Әлия Сәтпаева ерікті жастардың басын қосып, қарасайлық жастарды игі іске жұмылдыруда.

«Мейірімді Жетісу» Республикалық акциясы бойынша Қарасай ауданының әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен 875 отбасына көмек көрсетілді. Аталған отбасыларына қажетті заттарды алуға «Нұр Отан» партиясының филиалы, «Жастар ресурстық орталығы» және аудан еріктілері «Апорт» сауда орталығы, «Магнум», «Сәтті» супермаркеттері, «Эфес Қазақстан» сыра зауыты, «Ақсай нан» тоқаш комбинаты демеушілік көрсетті.  Шыны керек, коронавирустан қорғану кезінде медициналық бетперделер тапшылығы сезілгені рас. Сол себепті қарасайлық еріктілер аудан, ауылды жердегі дүкендерге жергілікті халық тегін алуы үшін  3 мың медициналық бетперде таратты. Одан бөлек жастар блок-бекетте қызмет еткен қызметкерлерді де медициналық бетпердемен қамтамасыз етті.

Ерікті болу – ерлікпен тең. Еріктілердің қайырымдылығы аудан тұрғындары үшін үлкен көмек болды. Бұл еріктілердің белсенділігі. Әрбір қазақстандықтың бойында белсенді өмір сүруге дағды қалыптасса алынбайтын асу жоқ.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір