• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:49:02
Алматы
+35°

Әлемді дүрліктірген пандемия басталғалы Ұйғыр ауданында індетінің таралуына қарсы бірқатар шаралар ұйымдастырылып, жомарт жүректі кәсіпкерлер ел үшін жанашырлық танытуда.

Солардың бірі – «МТ-ФАРМ» ЖШС-нің басшысы, Әбілжан Адамбеков 14 түрлі дәрі-дәрмекті  аудандық  ауруханаға  табыстады.

Аталған дәрілер шалғай жатқан  ауылдардағы медициналық мекемелерге үлестіріліп таратылатын болады. Ал «Ұрпақ парызы» қоғамдық бірлестігі және өзге де кәсіпкерлер Ұйғыр аудандық ауруханасына 8 дана оттегі концентраторын, 60 дана тыныс алуға арналған «Боброва» аппаратын, 2 дана кір жуғыш машина, керекті дәрі-дәрмек сыйға тартты.

Сондай-ақ науқастардың тыныс алуына қолайлы жағдай жасау үшін Мұрат Мұзафаров, Ришад Әбдірахманов, Саверден Илахунов секілді кәсіпкерлер оттегі жүйесін орталықтандырып берді.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Қиын сәтте аудан халқына көмек қолын созып, талай адамның өміріне араша болуға өз септігін тигізіп отырған кәсіпкерлерге аудан әкімі шынайы ризашылығын білдірді.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір